+7 (701) 759 90 19
USD 378.86 EUR 416.78
RUB 6.06 CNY 54.62
Jańalyqtar

Арнайы операция: Алматыда ер адамнан қару-жарақ арсеналы табылды

2019 жылғы 1 қараша 12:56
Бөлісіңіз:
Арнайы операция: Алматыда ер адамнан қару-жарақ арсеналы табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Медеу ауданында қару-жарақ сақтаған ер адамды ұстау бойынша арнайы операция өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда тапаншамен жүрген ер адам ұсталды Мұздай қаруланып, «Астана біздікі» деп видеоға түскен жігіт сотқа тартылып жатыр Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері тапаншамен қаруланған бозбаланы ұстады

«Полиция назарына «Думан» шағынауданында тұратын 27 жастағы жігіт ілінді. Ол адамдарды бопсалағаны үшін бұған дейін де істі болған. Тінту барысында қалтасынан пышақ табылды. Сонымен қатар, күдіктінің «Audі» көлігінен 12 калибрлі екі шолақ мылтық, тегіс ұңғылы мылтық, карабин, 15 оқ-дәрі табылды. Тәркіленген қару-жарақ баллистикалық сараптамаға жіберілді. Сараптамалық тексеруден соң құралдардың қай жерде шығарылғаны, иесі кім екендігі, қылмысқа қолданылғаны немесе қолданылмағаны анықталады», - деді қалалық Полиция департаменті Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT