Арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру тәсілдері әзірленіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру тәсілдері әзірленіп жатыр. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жасалған қолайлы жағдай да салалардың дамуына оң әсерін тигізеді. 2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша 285 млрд теңге сомасына 9 жоба іске асырылды. 1,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашылды. Осы жобалар есебінен тоқыма және медициналық бұйымдар, IT өнімдері өндірісі жолға қойылды. Қазіргі уақытта біз Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша АЭА тиімділігін арттыру тәсілдерін әзірлеп жатырмыз», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның атап өтуінше, отандық тауар өндірушілерді қолдауға үлкен көңіл бөлінеді.

«Жергілікті қамтуды одан әрі дамыту бойынша тәсілдер жетілдірілуде. Ол үшін қазіргі уақытта тиісті заңнамалық түзетулер әзірленіп жатыр. Жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алудағы жергілікті қамту үлесінің ең төменгі деңгейінің талаптарын сақтау бойынша ерікті келісімдер жасасу жұмыстары жүргізілуде»,- деді министр.


Соңғы жаңалықтар