Арнайы әскери қызметкерлер күні мерекелік күндер тізіміне енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне жаңа дата енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-Министрдің ресми сайтында «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулы жарияланды.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 11-2-тармақпен толықтырылсын: «11-2. Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні – 9 маусым». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі», -деп жазылған құжатта.

Осылайша, бұдан былай 9 маусым мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні ретінде аталып өтетін болды.


Соңғы жаңалықтар