+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары жетілдірілді

2021 жылғы 22 маусым 10:41
Бөлісіңіз:
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары жетілдірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары жетілдірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
13 достық үйінде «Шығыс Қазақстан – жанжалсыз аумақ» жобасы жүзеге асырылуда - ШҚО Ұлттық кеңес мүшесі: Әкім сайлауы –  мажоритарлық саяси жүйе құрудың алғашқы қадамы Маңғыстау облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған кортеж жүргізушілері ұсталды

Атап атқанда, заңнамалық базаны жетілдіру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі – МӘМ) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарында мыналар қарастырылған:

- мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға арналған санитариялық-гигиеналық заттардың тізбесін күнделікті және урологиялық төсемдермен кеңейту;

- қатты инвентарь ретінде қосымша позицияны қосу;

- мүгедектігі жоқ адамдарға дәрігердің көрсетілімі бойынша техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын (балдақтар, таяқтар, жүргіштер, корсеттер, бандаждар, емдік белдіктер, есту аппараттары, бөлмелік кресло-арбалар, серуендеуге арналған кресло-арбалар, сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) беру;

- әлеуметтік-еңбек қызметтерін ұсыну (жылыжайларда, қысқы бақта, үй жанындағы учаскелерде), бұл қызмет алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескере отырып, өмірдің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ МӘМ-де ресімдеу кезінде медициналық тексеруден өту рәсімін оңайлату мақсатында қолданыстағы медициналық карта нысанында көзделген тар шеңберлі мамандардың тізбесі қысқартылды. Міндетті 8 маманнан 3, сондай-ақ барлық қосымша 7 маман қысқартылды.

Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарында қарттар мен мүгедек адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерді униформамен, жеке қорғаныс құралдарымен (бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптар, дезинфекциялау құралдары) қамтамасыз ету көзделген.

Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері мен жергілікті атқарушы органдар ұсынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT