Армрестлингтен жүлделі орын алған шардаралық спортшыларға 2 бөлмелі пәтер берілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Қол күресінен Түркияда өткен East vs West турнирінде қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырынан көрініп, мықтылықтарын дәлелдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, турнирге Түркістан өңірінен барған Сарыбай Ердаулет пен Қыдырғали Оңғарбаев жүлделі оралды.

Аталған сайыста қазақ елінің атынан алғашқы жекпе-жекке шыққан Сарыбай Ердаулет қарсыласы – Түркия өрені, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Юсуф Илдызоглуны 3:0 есебімен жеңді.

Ал, жарыстың ең басты сайысы – Қыдырғали Оңғарбаев мен Америка Құрама Штаттарының атақты спортшысы, әлемнің 26 дүркін чемпионы Джон Брзенк арасындағы жекпе-жек өте тартысты әрі қызықты өтті. Қазақстандық спортшы қарсыласын 3:1 есебімен жеңіп, еліміздің абыройын асқақтатты.

Жүлдемен оралған спортшыларға Түркістан облысы гір спорты және армрестлинг федерациясының президенті Арман Карсыбаев пәтер кілттерін табыс етті.


Соңғы жаңалықтар