Армрестлингтен әлем чемпионатында Шардара ауылының 28 спортшысы «алтын» алды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Қол күресінен Түркияда өткен әлем чемпионатында Түркістан облысы Шардара ауылының 28 спортшысы «алтын» еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркияның Анталия қаласында өткен әлем чемпионатында «Шардара Армспорт» клубының спортшылары қарсылас шақ келтірмеді. 54 елден қатысқан атлеттер арасынан 28 спортшымыз Қазақстанға әлем чемпионы болып оралды. Атап айтсақ, жас жеткіншектер арасында – 6, жасөспірімдер арасында – 11, жастар арасында – 3 және ересектер арасында 8 спортшы жеңімпаз атанды. Барлығы – өңірдегі Шардара ауылынан, «Шардара Армспорт» клубының спортшылары. Соңғы жиырма жылда аядай ғана ауылдан 102 әлем чемпионы шыққан.

«Осы жеңісімізді еліміздің Республика күніне арнаймыз. Жаттықтырушымыз Арман Қарсыбаевқа және қолдау көрсетіп отырған барша жанкүйерлерге алғыс айтамыз», - дейді жаттықтырушы Ғани Малбасов.


Соңғы жаңалықтар