Армиядағы тәртіпсіздік: Арыздарды қабылдайтын сайт, мобильдік қосымша жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы азаматтардан армиядағы құқық бұзушылықтар туралы ақпарат қабылдау үшін мобильдік қосымшасы бар askeri-senim.kz сайтын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пайдаланушылар әскери полиция органдарына электрондық форматта орны мен уақытына, тергеу жүргізілуіне, сондай-ақ хабарланатын мәліметтердің толықтығына қарамастан, жасалған немесе жасауға әрекеттеніп жатқан кез келген құқық бұзушылық туралы тікелей хабарламаларды жолдай алады. Сайтта мобильдік қосымша барлық Android және IOS құрылғыларына орнатылып, қоса жұмыс істейді. Қосымшаны askeri-senim.kz сайтынан жүктеп алуға болады», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Әскери полиция бас басқармасының мәліметінше, «Әскери сенім» жобасы армиядағы құқықтың тәртіпті қамтамасыз ету, хабарламаларды қабылдау, есепке алу және бақылау процесін автоматтандыру, құқық бұзушылықты жасау фактілеріне ден қою сапасы мен жеделдігін арттыру және олардан сақтандыру туралы жаңа ақпарат көздерін енгізу мақсатында іске асырыла бастады.

Пайдаланушы жеке кабинетте тағайындалған жауапты лауазымды тұлғамен жасырын хат алмасып, өтініштің қаралу статусы мен жауаптарды қадағалай алады. Өтініш статусының өзгергені, жауапты лауазымды адамның тағайындалғаны және оның жауаптары туралы өзекті деректер электрондық поштаға келіп түседі. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін жеке кабинетте диалогтарды іздеуге және реттеуге болады.


Соңғы жаңалықтар