Армия қатарында қоян-қолтық ұрыстың үздік жауынгерлері анықталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығында армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздік жауынгерлері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтау гарнизонының жаңа спорт кешені базасында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері мен құрамаларының әскери қызметшілері арасында армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жарысқа Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының барлығы 70-ке жуық әскери қызметшісі қатысты. Олар 9 салмақ дәрежесі бойынша сайысқа түсті.null 

Жалпы командалық есепте Ақтау қаласы 25744 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жеңімпаз атанды. Екінші орын Бейнеу ауылы 99116 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне және үшінші орын Ақтөбе қаласы 30238 әскери бөліміне бұйырды.null 

Сайыс барысында жауынгерлер керемет ұрыс шеберліктері мен жоғары дайындық деңгейлерін көрсетті.

Біріншілік жеңімпаздары анықталған қатардағы жауынгерлер Ислам Ручкин мен Алексей Лейхнер енді осы жылдың басты додасы 20-25 қараша аралығында Астанада өтетін Жоғарғы Бас Қолбасшының кубогына дайындалатын болады.

null  null null null 

Соңғы жаңалықтар