Армия халықаралық ойындары: Қазақстандық танкішілер финалға өте алмады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – «Танк биатлонынан» қазақстандық командаАрмия халықаралық ойындарының финалына өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім еткендей, сайыс қатысушылары жартылай финалда эстафета түрінде бақ сынады. Әр елден үш экипаж кезектесе отырып, үш атыс шебі мен 10 кедергісі бар жалпы ұзындығы 16 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтті.

Жарыс ережесіне сәйкес, командалар финалға арақашықтықты еңсеру уақыты бойынша іріктелді.

Осылайша, ең жақсы уақыт көрсеткішін көрсеткен 4 команда анықталды, олар - Әзербайжан, Беларусь, Қытай және Ресей. Аталмыш командалар 2020 жылғы 5 қыркүйекте өтетін Армия халықаралық ойындарының финалында жарысқа түседі.


«Айта кету керек, танк биатлонына қатысушылардың дайындық деңгейі, бәсекелестігі жылдан-жылға артып келеді. Біздің танкішілер тартысты күресте 16 қатысушы ел арасында 5-орынға ие болды. Олар қысылтаяң жағдайларда өздерінің берік мінез, мақсатқа жетудегі табандылық, жеңіске деген ерік-жігер сынды қасиеттерін көрсете білді», - деді министрліктен.


Соңғы жаңалықтар