Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

АрМи-2019: Қазақстандықтар бірінші орынға ие болды

2019 жылғы 15 тамыз 14:53 163
Бөлісіңіз:
АрМи-2019: Қазақстандықтар бірінші орынға ие болды

АЛМАТЫ-ОТАР. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының «Отар» 40-шы әскери базасында өткен Армия халықаралық ойындары өз мәресіне жетті. Әлемнің 13 елі қатысқан додада Қазақстан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отар» 40-шы база аумағында әскери ойындар 7-15 тамыз аралығында өтті. Қатысушылар «Пилотсыз ұшатын аппарат ұшыру», «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Сенімді қабылдау» атты сайыста бақ сынады. Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Мысыр, Иран, Қырғызстан, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытай әскери қызметшілері өздерінің шеберліктерін көрсетті.





Қазақстан Қарулы күштерінің командасы барлық үш жарыста үздік атынып, алтын медальдарға ие болды. Сонымен, «Сенімді қабылдау» әскери байланысшылар байқауында Қазақстан командасы жеңімпаз атанды, екінші орынды Ресей мен Қытай, үшінші орынды Беларусь жеңіп алды.






Сондай-ақ, сайыста жоғары кәсіби шеберлік көрсеткен бірқатар қатысушылар жеке номинациялар бойынша марапаталды. Қазақстан құрамасының әскери қызметшісі сержант Нұрбол Алдабергенов үздік радиотелеграфист атанды. Біздің топтың тағы бір өкілі, кіші сержант Дидар Сейсебаев ең жақсы спринтер және радио бағытындағы ең жақсы маман атанды. Беларусь құрамасының аға лейтенанты Евгений Бриль жарыстың үздік мергені деп танылды. Радио бағдарламаларын таратудағы үздік радиотелеграф - Қытайдан келген кіші сержант Хуанг Шэнге бұйырды.



Пилотсыз ұшатын аппарат ұшыру бойынша Қазақстан бірінші орынға ие болды. Ұшу жылдамдығындағы жаттығулар нәтижесі бойынша команда қарсыластарынан озып кетті және маршруттың бақылау нүктелерінен өту барысында ең жақсы уақытты көрсетті. Екінші орынды Ресей мен Беларусь, үшінші орынды Иран иеленді

Жеке жарыста пилотсыз ұшақ ұшыру бойынша үздік оператор атағы ирандық капитан Мохамад Дехганға берілді. Беларусь елінен келген аға лейтенант Владислав Ростовский үздік мерген атанды. Ресей капитаны Дмитрий Посевин пилотсыз ұшатын аппарат ұшырудың үздік технигі атағын иеленді.

Әскери ойындардың ең айшықты жарыстарының бірі - «Артиллериялық оқ ату шеберлері» атағы бойынша қазақстандық сарбаздар алтын медальмен марапатталды, Ресей құрамасы күміс медальмен, ал Өзбекстан құрамалары қола медальға қол жеткізді.



Қазақстан командасы ең мықты миноментші атанды. Қазылар алқасының шешімі бойынша біздің жауынгер - Гайбутдин Абдрахманов үздік деп танылды. Аға сержант Вячеслав Емельянов (Ресей) минометтің ең жақсы командирі, сержант Фарух Одилов (Өзбекстан) үздік механик, ал сержант Хикмет Атакашиев (Әзербайжан) үздік атқыш атағына ие болды.

Айта кетерлігі, Қазақстан төрт жыл қатарынан өз аумағында ойындар өткізіп келеді. Жыл сайын біздің елге халықаралық деңгейдегі шеберліктерін сынау үшін әртүрлі елдер мен құрлықтағы әскери мамандар келеді.

Аталған үш жарыстан бөлек, біздің әскерлер басқа мемлекеттерде өтетін 13 сайысқа қатысады. Барлығы 32 дүбірлі доданың ішінде қазақстандық әскери қызметшілер 16 спорт бойынша бақ сынайды.

АрМИ-2019 халықаралық әскери ойындары 3 тамызда РФ территориясында «Патриот» көрме кешенінде басталды.



РФ Қарулы күштерінің бастамасымен басталған халықаралық армия ойындары биыл 5 жыл қатарынан өткізіліп жатыр. 5 жылда сайыстардың мазмұны кеңейіп, маңызы арта түсті. 32 сайыс бойынша 39 елден келген 220 әскери команда жарысқа түседі.

Қазақстан жарыстарға ең белсенді қатысушылардың бестігіне кіреді. Сондай-ақ, Армения, Беларусь, Әзербайжан, Үндістанда өтіп жатқан жарыстарға қатысуда.

Еске салайық, «АрМи-2019» халықаралық армия ойындарының ашылу салтанаты 7 тамызда ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен өтті.










Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT