АрМИ-2019: Қазақстан «Танк биатлонының» жартылай финалында Қытайды артта қалдырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Танк биатлонынан» жартылай финалдық эстафетаның нәтижесі бойынша Қытай, Әзербайжан және Сербия командаларымен бір топта болған Қазақстан құрамасы 1 сағат 49 минуттың ішінде мәреге бірінші болып жетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Эстафетаныбірінен соң бірі үш экипаж өтті. Олардың әрқайсысы кедергілерді еңсерді, нысаналарды жоя отырып, 4 айналымнан жасады.


«Ауарайының нашарлығына қарамастан, әрбіріміз барынша күш-жігерімізді салдық. Және жақсынәтиже көрсете алдық», - деді аға лейтенант, екінші экипаждың командирі ФерузТулабаев.

«Эстафета»конкурсының жартылай финалдық кезеңі табиғи және жасанды кедергілерден, жауынгерлікжолақтардан, атуға арналған алаңдар мен учаскелерден, айып уақытына арналғаналаңнан тұрады. Онда бір командадан үш танк экипажы бір техникамен өнер көрсетеді.Әрбір экипаж төрт айналым жасап, жолындағы кедергілерден өтеді, нысананы жояды.Эстафета барысында танкілік пушкадан оқ ату жүріс барысында орындалады. Қосарланғанжәне зениттік пулеметтен – атуға арналған алаңнан тоқтап тұрған күйінде атылады.

Соңғы жаңалықтар