+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

«АрМИ-2019»-ға қазақстандық әскерилердің дайындығы қандай

2019 жылғы 7 тамыз 14:46
Бөлісіңіз:
«АрМИ-2019»-ға қазақстандық әскерилердің дайындығы қандай

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, генерал-майор Дәулет Оспанов «АрМИ-2019» Халықаралық армия ойындарына қазақстандық әскерилердің дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Халықаралық армия ойындары қалай өтуде

Бүгін Жамбыл облысының «Отар» 40-әскери базасында 2019 жылғы Халықаралық армия ойындары басталды. Оған әлемнің 13 мемлекетінен келген әскерилер қатысып жатыр.

«Жарысқа 13 елден 347 қатысушы келді. Олардың барлығы мықты. Өйткені олар өз елдерінде іріктеуден өткен. Мен Иран, Сирия, Қырғызстан, Өбекстан жаттығу алаңдарында болдым. Олардың дайындық деңгейін көрдім. Бәсекелестік күшті. Бірақ біз де бар күшімізді салып дайындалдық. Біз екі кезеңнен өттік және біздің жауынгерлер 100% дайын екеніне сенімдімін. Барлық жарыстарда бірінші орын алғымыз келеді», - деді Дәулет Оспанов.

Сонымен қатар, ол жарыс қатысушыларының 99% техникаларды қазақстандық тарап ұсынып отырғанын айтты.

«Негізінде бұл елдерде дәл біздікіндей техникалар бар. Миномет, тартылыс күші, яғни техниканың бәрі оларға таныс. Ойын басталар алдында барлығы бір апта жаттығу өткізді. Қиындықтар жоқ. Пайдаланғаннан кейін кез келген жабдық техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді және оған қызмет көрсетіледі», - деді спикер.

Дәулет Оспановтың пікірінше, «Артиллериялық ату шеберлері» ең керемет жарыстардың бірі болмақ.

«Мұнда 12 мемлекет қатысуда. Бәсекелестік қызықты өтпек. Бұл - жылдамдық, дәлдік, күш және сенімділік. Сонымен қатар, түнгі атыс алғаш рет көрсетілетінін атап өткім келеді. Бұл - оңай емес. Себебі, арнайы жарықтандыру бар. Біз бұл мәселелердің барлығын ескердік. Оған 8 ай дайындалдық. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орындаймыз», - деп қорытындылады ол.

Айта кету керек, «Отар» әскери базасының аумағында 7-15 тамыз аралығында үш конкурс өтеді. Оған Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Египет, Иран, Қырғызстан, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытайдың әскери қызметшілері қатысады.

Бесінші мерейтойлық Халықаралық армия ойындары 3 тамызда «Патриот» көрме саябағында (Кубинка) және Алабино полигонында бірқатар елдердің қорғаныс ведомство басшылары мен бас штабтарының қатысуымен салтанатты түрде ашылған болатын. Ойындар барысында құрлықтағы, әуедегі және теңіздегі машықтар бойынша барлығы 32 жарыс өтеді. Оған әлемнің 39 елінен 220 команда қатысуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT