Арменияның халықаралық қорлары рекордтық деңгейге дейін қысқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың қаңтар айында Арменияның халықаралық қорларының көлемі 1,351 миллиард долларды құрады, деп жазады «Айкакан жаманак» газетіне сілтеме жасаған Panorama.

«Бұл жаңа антирекорд десек те болатын шығар, Арменияның халықаралық қорлары соңғы алты жыл ішіндегі төмен деңгейге жеткен. Бұл туралы Орталық банктің ресми статистикасында жарияланып отыр. Елдің халықаралық қорлары дағдарыстық 2009 жылы бұл көрсеткіштен төмендеу, 1,258 миллиард долларды құраған еді. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда Арменияның халықаралық қорлары 900 миллион долларға немесе 40 пайызға кеміді», - деп жазады газет.

Соңғы жаңалықтар