Арменияның экс-президенті Роберт Кочарян парламент сайлауы алдында тұтқындалды

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Апелляциялық соттың шешімімен Арменияның екінші президенті Роберт Кочарян қамауға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Арменпресс агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы 7 желтоқсанда Армения Ұлттық қауіпсіздік қызметінің директоры Артур Ванецян мәлімдеген.

«Апелляциялық соттың шешімімен Арменияның екінші президенті Роберт Кочарян қамауға алынды. Менің білуімше, ол қазір «Ереван-Кентрон» пенитенциарлық мекемесінде», - деді Ванецян.

Ол Роберт Кочарянның тергеушісі келді ме, жоқ па деген сұраққа жауабында бұдан хабары жоқ екенін білдірген.

Бүгін, 9 желтоқсан күні Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы басталды. Сайлауға 11 саяси күш: 9 партия және 2 блок қатысып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы 16 қазанда премьер-министр Никол Пашинян отставкаға кететіні туралы мәдімдеген болатын. Содан кейін армениялық парламентшілер 24 қазанда және 1 қарашада өткен екі турдан құралған сайлауда үкіметтің жаңа басшысын сайлай алмады. Ел Конституциясына сәйкес, соған байланысты, 1 қарашада Армения Президентінің жарлығымен Парламент таратылып, кезектен тыс парламент сайлауы 9 желтоқсанға белгіленді.

Соңғы жаңалықтар