Арменияның бұрынғы президентіне айып тағылды

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Арменияның екінші президенті Роберт Кочарянға айып тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арменпресс агенттігіне сілтеме жасап.

2018 жылғы 26 шілдеде Армения Республикасының президенті Роберт Кочарянға 2008 жылы 1-2 наурыз аралығында Ереванда болған оқиғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 300.1 бабының 1-ші бөлігі (Мемлекет билігін заңсыз тартып алу, яғни мемлекет билігін күшпен тартып алу немесе Армения Республикасының Конституциясына қайшы әрекеттермен билікті зорлықпен ұстау, сондай-ақ, Армения Республикасының конституциялық құрылымын әдейі күштеп құлату) бойынша айып тағылды. Бұл туралы Арнайы тергеу қызметінің мәлімдемесіне көрсетілген.

Айта кетерлігі, Ереванның бірінші инстанциядағы қалалық сотына Роберт Кочарянды қамауға алу жөнінде шара қолдану бойынша ұсыным берілген. 

Соңғы жаңалықтар