Арменияның бұрынғы премьері ЕАЭО елдерін бірыңғай валюта құруға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО-ға мүше елдер бірыңғай валютаны құруы тиіс, деп есептейді Арменияның бұрынғы премьері, оппозициялық Армян ұлттық конгресі атынан түскен парламент депутаты Грант Багратян, деп жазады РИА Новости.

«ЕАЭО елдерінің арасында 300 миллиард долларлық сауда айналымы бар. Бұл операциялар доллармен жүргізілмеуі тиіс. Бұл валютаға қажеттілікті азайту үшін елдер арасындағы өзара есептер басқа валютамен жүргізілуі тиіс», - деп жазады Багратянның сөздерін Arka агенттігі.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияның негізгі бағыттары және макроэкономика министрі Татьяна Валовая дүйсенбі күні тілшілерге ЕАЭО аумағында бірыңғай валюталық жүйенің әзірге енгізілмейтінін, себебі бұл кері экономикалық нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар