Арменияға «Спутник V» вакцинасының алғашқы ірі партиясы жеткізілді

Фото: None
ЕРЕВАН.ҚазАқпарат – Арменияға «Спутник V» вакцинасының алғашқы ірі партиясы жеткізілді. Бұл туралы «Россотрудничество»-ның Еревандағы офисі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

8 сәуірге қараған түні Арменияға «Спутник V» вакцинасының алғашқы ірі партиясы 15 мың доза жеткізілді. Вакцина тиелген жүкті әуежайдан Армениядағы Ресей елшілігінің кеңесшісі Павел Курочкин, Армения Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ауруларды бақылау және алдын алу ұлттық орталығының бас директоры Артавазд Ванян және «Россотрудничество»-ның Еревандағы өкілі Андраник Арзуманян күтіп алды.

«Ең алдымен, халықтың қауіп аймағында тұрған тобы вакциналанады. Бұл Ресей тарапынан коронавирус пандемиясымен күресте Арменияға көрсеткен кең ауқымды қолдауының жалғасы екенін атап өткім келеді», - деп мәлімдеді Павел Курочкин.

Кеше Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян Ресейге жұмыс сапары барысында Ереван ресейлік вакцинаның алғашқы партиясын күтіп отырғанын мәлімдеген болатын. Армян Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, Арменияға вакцинаның миллионнан астам дозасы қажет.


Соңғы жаңалықтар