+7 (701) 759 90 19
USD 430.99 EUR 515.29
RUB 5.69 CNY 65.99
Jańalyqtar

Арменияға «Спутник V» вакцинасының алғашқы ірі партиясы жеткізілді

2021 жылғы 8 сәуір 17:02
Бөлісіңіз:
Арменияға «Спутник V» вакцинасының алғашқы ірі партиясы жеткізілді

ЕРЕВАН.ҚазАқпарат – Арменияға «Спутник V» вакцинасының алғашқы ірі партиясы жеткізілді. Бұл туралы «Россотрудничество»-ның Еревандағы офисі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда өткен тәулікте 2002 адам коронавирустан жазылды Көпшілік әлі күнге дейін вакцинаға күмәнмен қарайды – медицина маманы Қызылордада әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің 524 маманы вакцина салдырды

8 сәуірге қараған түні Арменияға «Спутник V» вакцинасының алғашқы ірі партиясы 15 мың доза жеткізілді. Вакцина тиелген жүкті әуежайдан Армениядағы Ресей елшілігінің кеңесшісі Павел Курочкин, Армения Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ауруларды бақылау және алдын алу ұлттық орталығының бас директоры Артавазд Ванян және «Россотрудничество»-ның Еревандағы өкілі Андраник Арзуманян күтіп алды.

«Ең алдымен, халықтың қауіп аймағында тұрған тобы вакциналанады. Бұл Ресей тарапынан коронавирус пандемиясымен күресте Арменияға көрсеткен кең ауқымды қолдауының жалғасы екенін атап өткім келеді», - деп мәлімдеді Павел Курочкин.

Кеше Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян Ресейге жұмыс сапары барысында Ереван ресейлік вакцинаның алғашқы партиясын күтіп отырғанын мәлімдеген болатын. Армян Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, Арменияға вакцинаның миллионнан астам дозасы қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT