+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Армениядан әкелінген 3 мыңға жуық көлік тіркеуден әлі өтпеді – ҚР ІІМ

2020 жылғы 23 тамыз 16:43
Бөлісіңіз:
Армениядан әкелінген 3 мыңға жуық көлік тіркеуден әлі өтпеді – ҚР ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда 11 мыңнан астам автокөлік тіркеліп, қазақстандық нөмірді алған. Тіркеуден өтпеген тағы 3 мыңға жуық көлік бар. Рулі оң жақта орналасқан 6,5 мың көліктің мәселесі де ашық күйінде қалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы мәселе төңірегінде ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

М.Баймұқашев атап өткендей, армян нөмірлері бар көлік мәселесіне ерекше назар аударуға бірнеше фактор әсер еткен.

«Біріншіден, олардың саны көп болғаны соншалықты, жол-көлік оқиғалары статистикасына жиі ене бастады. 2019 жылы Армениядан келген көліктердің қатысуымен 2 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болды, оның 130-ы адам қазасымен аяқталды. Екіншіден, көлікті сенімхат арқылы сатып алған кейбір жүргізушілер бейнебақылау жүйелері өздерінің нөмірлік белгілерін анықтай алмайтынын түсініп, жол ережелерін әдейі бұза бастады. Мәселен, 3 миллион теңгеден астам сомаға 400 рет заңды бұзған жүргізуші бар», - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.

Оның айтуынша, Армениядан әкелінген рулі оң жақтағы көліктер саны – 6,5 мың.

«Оның 2 мыңы Арменияда тіркелгенге дейін қайта жабдықталған. Яғни, Арменияда қазірдің өзінде бұл көліктер рулі сол жақтағы көлік ретінде тіркелген. Үкімет шешімімен бұл көліктер арнайы зертханаларда сынақтан өтуі керек. Диагностикадан кейін автокөліктің қазақстандық жолдарда пайдалануға жарамдылығы туралы қорытынды жасалады. Автокөлік иесіне ішкі істер органдарының осы көлікті тіркеуі үшін негіз болатын тексеру актісі жасалады», - дейді ол.

Спикер атап өткендей, рулі оң жақта орналасқан 4,5 мың автокөліктің мәселесі ашық күйінде қалып отыр.

«2008 жылдан бастап Қазақстанда оң рульді көлік құралдарын тіркеуге шектеу енгізілген болатын. 2015 жылы Қазақстан Кеден одағының техникалық регламенттерін ратификациялады, онда бұл шектеулер нақты көрсетілген. Армениядан автокөлік әкелген Қазақстан азаматтары бұл тыйым туралы білді. Мемлекеттік органдар көлік иелерімен кездесіп, қазір ымыраға келудің шешімін қарастыруда. Оң жақтан басқарылатын автокөліктерді сол жақтан басқарылатын автокөлікке айналдыруға техникалық жағдай жасау үшін жергілікті автокөлік өндірушілер, шетелдік компаниялардың ресми дилерлері тартылады. Ішкі істер министрлігінің басшылығы бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайды. Сондықтан қазір осы санаттағы көліктерге тіркеу мерзімін ұзарту мүмкіндігі қарастырылуда», - дейді Мұрат Баймұқашев.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT