Арменияда жер сілкінді

Фото: None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Арменияда бүгін күндіз магнитудасы 4.7 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің кіндігі Ереван қаласынан 8 км қашықтықта болды, тербеліс жиілігі 5-6 балға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 ақпан күні 15:29-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 17:20-да) Арменияда жер сілкінісі болды. Елдің ТЖМ мәліметіне сай, жер сілкінісінің ошағы 10 км тереңдікте болған. Кіндігі ел астанасынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км қашықтықта орналасқан, ол жерде тербеліс жиілігі 5-6 балға жеткен. Елдің басқа өңірлерінде жер сілкінісі 3-4 балдық деңгейде сезілген.

Ереванның барлық ауданында әлсіз, қысқа уақытқа созылған жер сілкінісі сезілген. Астананың әр бөлігінде көпқабатты үйлердің тұрғындары далаға қашып шыққан, ұялы байланыс үзілген.

Айта кетейік, 5 ақпан күні де Арменияның Гегаркуникск облысында жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы 10 км тереңдікте болды. Жер сілкінісі кіндігінде тербеліс жиілігі 6-7 балл шамасында болған.



Соңғы жаңалықтар