Арменияда жаңа үкімет жасақталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арменияда жаңа үкімет жасақталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арменпресс агенттігіне сілтеме жасап.

Премьер-министрдің ұсынысы бойынша, Армения президенті Армен Саркисян Мгер Григорянды Армения Республикасы премьер-министрінің орынбасарлығына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы агенттікке Армения президенті аппаратының баспасөз қызметі хабарлаған.

Сонымен қатар, премьер-министрдің ұсынуы бойынша Армения президенті Армен Саркисян жарлығымен бірқатар министрлер тағайындалған.

Зограб Мнацаканян Армения Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Мане Тандилян Армения Республикасының Еңбек және әлеусметтік мәселелер жөніндегі министрі, Атом Джанджугазян елдің Қаржы министрі, Артак Зейналян Әділет министрі, Арсен Торосян Денсаулық сақтау министрі, Левон Ваградян Спорт және жастар мәселесі жөніндегі министр, Артур Хачатрян Ауыл шаруашылық министрі, Артур Григорян Энергетикалық инфрақұрылымдар және табиғи ресурстар министрі, Грачья Ростомян Төтенше жағдайлар министрі, Ашот Акопян Көлік, байланыс және ақпараттық технологиялар министрі, Эрик Григорян Табиғатты қорғау министрі, Арцвик Минасян Экономика министрі, Лилит Макунц Мәдениет министрі болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Сурен Папикян Арменияның Аумақтық басқару және даму министрі, Араик Арутюнян елдің Білім және ғылым министрі, Давид Тоноян Арменияның Қорғаныс министрі болып тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар