Арменияда үкіметтің ғимараты өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ереванның орталығындағы Республика алаңында орналасқан үкімет ғимаратында өрт тұтанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Армения Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, өрт туралы хабар дүйсенбі күні таңертең тараған. Өрт сөндірушілер шұғыл түрде оқиға орнына аттанған.

Қазіргі кезде тілсіз жау ауыздықталды, ешкім зардап шекпеген. Министрлік өкілдерінің айтуынша, кабинеттердің біріндегі кеңсе жиһазы өртенген.

Соңғы жаңалықтар