+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Арменияда шетел азаматтары да тегін вакцина салдыра алады

2021 жылғы 5 мамыр 10:36
Бөлісіңіз:
Арменияда шетел азаматтары да тегін вакцина салдыра алады

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Армения аумағындағы енді шетел азаматтар да коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін ала алады. Арменияның Денсаулық сақтау министрлігі 18 жастан асқан барлық тұлғаны вакциналауға кірісті.

Бұл туралы Арменияның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«18 жастан асқан барлық азамат тіркелу орнына қармастан кез-келген емханадан коронавирусқа қарсы вакцинананы салдыра алады. Вакцина шетел азаматтары үшін де тегін болады. Вакциналанатын емханаларда сенбі және жексенбі күндері де сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін кезекшілік ұйымдастырылған», - деп хабарлады Арменияның денсаулық сақтау миниснтрлігінің баспасөз қызметі.

Арменияда COVID-19-ға қарсы вакциналау ерікті түрде өтуде. Бастапқыда Арменияға «Спутник V» вакцинасының сынама партиясы жеткізілген болатын. Арменияға 28 наурызда «Astra Zeneca» вакцинасының бірінші партиясы (24 мың доза), ал 8 сәуірде «Спутник V» вакцинасының ірі партиясы (15 мың доза) жеткізілді. 1 мамырда Арменияға Қытай Халық Республикасының үкіметі сыйға тартқан «КоронаВак» вакцинасының 100 мың дозасы келді.

Азамат Әлмағамбетов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT