Арменияда сауда орталығындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 15-ке жетті

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Армения астанасы – Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыс салдарынан қаза болғандар саны 15 адамға жетті. Бұл туралы сейсенбі күні Армения Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW-ге сілтеме жасап.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 15 адамның мәйіті табылды.

Ереванның медициналық мекемелеріне 60 зардап шегуші жүгінді, олардың 12-сі емделуде, 48-і ауруханадан шығарылды.

16 тамыз күні таңертеңгі жағдай бойынша 18 адам хабар-ошарсыз кеткен. Армения ТЖМ баспасөз хатшысы Айка Костанянның айтуынша, олардың арасында бір Ресей азаматы бар. Сондай-ақ тізімде тағы бір шетелдік, Иран азаматы бар. Қалғандары – Армения азаматтары.

Оқиға орнындағы жұмыстарға 185 құтқарушы, 20 су тасығыш, Ереван мэриясының қосымша 7 техникасы жұмылдырылды.

Армения Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, 14 тамызда сауда орталығының пиротехникалық заттар қоймасында жойқын жарылыс болған. Өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылып құлаған. Үйінділер 8000-9000 шаршы метр аумақты алып жатыр.



Фото:dw.com



Соңғы жаңалықтар