+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Арменияда парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды

2021 жылғы 21 маусым 19:32
Бөлісіңіз:
Арменияда парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Арменияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тигран Мукучян елдегі кезектен тыс парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Комиссия деректеріне сай, Никол Пашинянның «Гражданский договор» партиясы 53,92% дауыс жинап, жеңіске жетіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да Мамлютка қаласының әкімін сайлауға 4 учаскеде дауыс беріліп жатыр Ерлан Қарин: Әкім сайлауы мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың сапасын арттырады Атырау облысында әкім сайлауын 125 байқаушы бақылауда

Арменияның экс-президенті Роберт Кочарянның «Айастан» («Армения») блогы 21,04% дауыс жинап, екінші орынға жайғасты. Елдің Ұлттық қауіпсіздік қызметінің экс-басшысы Артур Ванецянның блогы «Честь имею» 5,23% дауыспен үшінші орында.

«Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша, «Гражданский договор» партиясы жаңадан сайланатын парламентте конституциялық көпшілік болмақ (105-тен 71 депутаттан кем емес) және менің басшылығыммен жаңа үкімет құрады», - деп жазды Twitter-де Армения Республикасы премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян.

Еске сала кетейік, 20 маусым күні Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтті. Оған 25 саяси күш қатысты. Олардың 21-і партия, қалған төртеуі – блоктар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT