Арменияда коронавирусты жұқтырғандар саны 20 мыңға жуықтады

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Арменияда коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 20 мыңға жетті. Өткен тәулікте жаңадан 560 жағдай тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ауруларды бақылау және алдын алу ұлттық орталығының мәліметінше, 21 маусымдағы дерекке сәйкес, Арменияда коронавирусты жұқтырғандар саны 20268-ді құрады. Оның ішінде жазылып шықты – 9002 адам, 10802-сі емін жалғастыруда. Елде індеттен 350 адам қайтыс болды.

Бұдан бөлек, эпидемия кезінде COVID-19-ды жұқтырған 114 науқас өзге себептермен көз жұмды.

Еске салайық, Арменияда коронавирусқа байланысты биылғы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі енгізілді.

24 наурыз - 12 сәуір аралығында халықтың еркін жүріп-тұруына және экономикалық қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салынды.

4 мамырдан бастап азаматтардың еркін жүріп-тұруына және экономикалық қызметтің барлық дерлік түріне қайта рұқсат етілді.

15 мамырда қоғамдық көлік, сауда орталықтары, спортзалдар, балабақшалар, тамақтану орындары жұмысын бастады.

25 мамырдан бері маскалық режим енгізілді. Медициналық бетпердені өз үйіңнен басқа барлық жерде тағып жүру – міндетті талап.


Соңғы жаңалықтар