Арменияда көлік сатып алған Қазақстан азаматтарына жалған құжаттар беріліп келген

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Армения ұлттық қауіпсіздік қызметі (ҰҚҚ) Қазақстан мен Ресей азаматтарына көліктер сату кезінде жаған құжаттар дайындалғанын және берілгенін анықтады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Армения Республикасы ҰҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Арменияның Ұлттық қауіпсіздік қызметі жедел-іздестіру шаралары барысында анықтағандай, елдегі Жауапкершілігі шектеулі қоғамдастықтың директоры газбаллонды жабдығы бар көліктерді басқаруға куәліктердің жалған көшірмелерін, сондай-ақ автокөлікке газбаллонды жабдық орнатылмастан, оған сертификаттар беріп келген. Бұл жалған құжаттар кейіннен Арменияда көлік алған Қазақстан мен Ресей азаматтарына сатылып келген.

Бұдан бөлек, АР ҰҚҚ осы елде автомобиль сатып алған Қазақстан мен Ресей азаматтарына техникалық тексеруден өту туралы жалған талондарды өткізіп келген армениялықты анықтады.

Аталған фактілер бойынша АР ҰҚҚ Тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар