Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арменияда 20 маусымда кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында осы елдің премьер-министрі Никол Пашинян жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арменпресс-ке сілтемемен.

«18 наурызда өткен «Гүлденіп келе жатқан Армения» фракциясының жетекшісі Гагик Царукянмен кездесуде тараптар «қазіргі сәтте елдің ішкі саяси тығырықтан шығатын ең тиімді жол - кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу» деген қорытынды шығарды» деп жазды Никол Пашинян.



Соңғы жаңалықтар