+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді

2021 жылғы 11 мамыр 09:53
Бөлісіңіз:
Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. Арменпресс-ҚазАқпарат – Армения Республикасының Ұлттық жиналысы екінші турда Никол Пашинянды премьер-министр етіп қайта сайлаған жоқ. Осылайша, ел Конституциясына сәйкес, Арменияның жетінші шақырылымдағы Ұлттық жиналысы құқық күшімен таратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арменпресс ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, ел премьер-министрін сайлау бойынша кезектен тыс отырыс кезінде Никол Пашинян сайлану үшін тиісті дауысты жинай алмады.

Оның кандидатурасын қолдаған және қарсы шыққан бір-бір депутаттан болса, қалған 76 депутат дауыс беруден тартынды.

Премьер-министрді сайлау үшін 67 дауыс қажет болған еді.

Бұл - тәуелсіз Армения тарихында Ұлттық Жиналыстың мерзімінен ерте таратылып жатқан екінші жағдай.

2018 жылдың қарашасында Армения премьер-министр Никол Пашиняннің отставкасынан кейін парламент тура сол процедура бойынша таратылған.

Премьер-министр қызметіне жалғыз кандидат Никол Пашинян болған еді. Оның кандидатурасын Ұлттық Жиналыстың «Мой шаг» фракциясы ұсынған.

Никол Пашиняннің премьер-министр қызметіне кандидатурасы сондай-ақ премьер-министр сайлауының бірінші турында ұсынылған.

Премьер-министрдің міндетін атқарушы Никол Пашинян 3 мамырда ҰЖ кезектен тыс отырысында премьер-министр болып сайланған жоқ.

Арменияда Ұлттық Жиналысқа кезектен тыс сайлау 20 маусымға белгіленген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT