Арменияда Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері таныстырылды

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері армяндық бизнесмендерге ұсынылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
Ереванда Қазақстанның Армениядағы елшілігінің бастамасымен «Қазақстан-Армения: мүмкіндіктер экспорты» таныстырылымы өтті, оның аясында армян іскер топтарының өкілдеріне Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері мен инвестициялық тартымдылығы таныстырылды.
«Біздің шара Арменияға Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін көрсетуге арналған. Бір жағынан, біз өткен жылдың қорытындысын шығарамыз. Екінші жағынан, талқылау кезінде өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып, біз өзіміздің бөлімдерімізге өз жұмыстарын нақты бағытта шоғырландыруға мүмкіндік беру үшін сауда-экономикалық ынтымақтастықтың болашағын бағалауға тырысамыз. Сондай-ақ, Қазақстан мен Армения бизнесіне қай салаларда жылдам және неғұрлым тиімді жұмыс істеуге болатындығын айта аламыз», - деп атап өтті Қазақстанның Армениядағы Елшісі Тимур Оразаев өз сөзінде.
Шараға Армения іскер топтарының, Арменияның министрліктері мен ведомстволарының, армяндық «Шағын және орта бизнестің ынтымақтастығы қауымдастығы», «Арменияның көлік экспедиторлары қауымдастығы», армян сарапшылары қауымдастығы мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Олардың назарына Қазақстанның инвестициялық және экспорттық мүмкіндіктері туралы таныстырылым ұсынылды.
Кездесу барысында оның қатысушылары мен Қазақстанның Армениядағы Елшісі Тимур Оразаев арасында ашық диалог өтті. Онда қазақстандық нарықтың инвестициялық мүмкіндіктері, мемлекеттік бағдарламалар мен Қазақстандағы бизнесті қолдау шаралары, бірлескен кәсіпорындардың болашағы, сондай-ақ логистикалық шешімдер туралы кең ауқымды мәселелер талқыланды.
- Маминнің АҚШ-қа сапары: Америкалық агробизнес лидерлері Қазақстанға инвестиция салады
- Сенат: Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі талқыланды
- Астана процесі: Барлық тарап келіссөздерге қатысады
- Мұхтар Тілеуберді Испанияға сапарлайды
-
ҚР СІМ Нью-Делидегі өртке байланысты көңіл айтты
-
Мұхтар Тілеуберді АҚШ-қа ресми сапармен барады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам