Арменияда халықаралық Smart Valley Armenia инновациялық кешен салынады

None
Фото: armenpress.am
АСТАНА. ҚазАқпарат – Арменияда Villaggio клубтық тұрғын үйлер кварталы және халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер кешенін қамтитын инновациялық Smart Valley Armenia алқабының құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Аrmenpress» сайтына сілтеме жасап.

Investica компаниясы Marriott International қонақүй желілерінің әкімшісі Synergy Comfort Hotels компаниясы және ел үкіметінің қолдауымен Арменияда тұғыш рет салынатын жобаның басталғанын жариялады. Ол Ереван мен әулие Эчмиадзин монастырының арасындағы аумаққа салынады.

Жоба авторы Мецо Игитянның айтуынша, Smart Valley Armenia - озық технологияларды дамытуға бағытталатын және адамдардың тұруы үшін қолайлы жағдай жасалған әлемдік деңгейдегі инновациялық алқап болмақ. Яғни, бұл калифорниялық Кремний алқабының баламасы.

«Көп жылдар бойы түрлі елдердің сарапшылары мен мамандары Арменияда калифорниялық Кремний алқабының аналогын құру үшін ең озық әлемдік тәжірибелерді зерттеді. Осының нәтижесінде біз шығармашылық кеңістіктер құру жобасын ойластырдық. Оған сай, урбанизация стандарттарын әзірледік және Ереван мен әулие Эчмиадзин монастырының арасындағы ең көрікті жерлерді таңдадық. Қалалық кеңістіктің барынша үйлесімді жабдықталуы маңызды. Сондықтан құрылыс принципі таңдалды. Яғни, онда аз қабатты нысандар салынды. Барлық қажетті ғимараттар (тұрғын үй, инфрақұрылым, кеңсе және білім беру ұйымдары, медициналық орталықтар, демалыс және ойын-сауық нысандары) жаяу баруға болатындай қашықтықта орналасады», - деп атап өтті Мецо Игитян.

Investica басқарушы серіктесі Вячеслав Казарян болса, бұл жоба инвесторлар мен туристерді тарту үшін қолайлы бастама болатынын атап өтті.

«Villagio» - бұл сапалы әрі қоршаған ортаны қорғауға шын жанашырлар үшін салынатын жаңа әрі заманауи үлгідегі квартал. Тұрғын үйлерді салумен шектелмеуіміз керек. Мұнда инвесторлар мен туристер келуі үшін қолайлы жағдай жасалады», - Вячеслав Казарян.

Villagio кварталы 4-5 жұлдызды қонақүй кешендерінен тұрады. Сонымен қоса онда 150 бөлмелі халықаралық дәрежедегі қонақүй желісі, 105 пәтер, 33 таунхаус және 14 вилла орналасады. Мұнымен қатар алқапта балаларды дамыту орталығы, дүкен, наубайхана, кафе, мейрамхана, коворкинг орталық, дәріхана, фитнес-клуб, ашық бассейндер, теннис корттары мен спорт алаңдары болады.


Соңғы жаңалықтар