Арменияда алғашқы коронавирус жұқтырған адам анықталды

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Арменияда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Бір күн бұрын Ираннан келген Армения азаматының тесті оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы ҚазАқпарат меншікті тілшісі елдің премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирус инфекциясын елде алғашқы болып жұқтырған – Арменияның 29 жастағы азаматы. Ол 28 ақпанда Ираннан арнайы рейспен келген.

«Алдын ала жасалған тест оң нәтиже көрсетті. Ал қайта тапсырған тест нәтижелері түнгі сағат үште белгілі болды», - делінген Армения премьер-министрінің Facebook -тегі парақшасында жарияланған мәлімдемесінде

Премьер-министрдің айтуынша, вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандарды оқшаулау шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар