Арменияда 7 желтоқсан Апат құрбандарын еске алу күні деп жарияланды

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Армения үкіметі 7 желтоқсанды Спитак зілзаласы құрбандарын еске алу және апаттарды жою күні деп жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Алапат зілзаланың отыз жылдығына орай, Гюмри қаласында естелік шарасы болды.null

Армения Министрлер кабинеті 7 желтоқсанда Гюмриде «Мейрамдар, естелік күндер туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесіне арналған кезектен тыс отырыс өткізді.  Үкіметтің шешімімен, 7 желтоқсан Спитак зілзаласы құрбандарын еске алу және апаттарды жою күні деп жарияланды.

Осыдан 30 жыл бұрын, 1988 жылы 7 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 11.41-де Арменияның солтүстік-батыс бөлігінде қуатты жер сілкінісі болды. Жарты минуттың ішінде республиканың солтүстігі тұтас қирап қалды. 1 миллион халық тұратын аумақ қираған үйінді астында қалды. Жойқын табиғи апаттың салдарынан елдің өндірістік қуатының 40%-ы істен шықты.

 null   Зілзала ошағына тура келген Спитак қаласында дүмпу қуаты 12 балдық шкала бойынша 10 балға жетті. Қаламен қоса оның маңайындағы елді мекендер толығымен, Ленинакан (Гюмри), Степанаван, Кировакан (Ванадзор) қалалары, сондай-ақ 300 елді мекен жартылай қирады.null

Ресми мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінің салдарынан 25 мың адам қаза тауып, 19 мың адам мүгедекке айналды, 514 адам баспанасыз қалды.

Алапат апаттан бірер сағаттан кейін Арменияға КСРО құрамына кіретін республикалардың барлығы көмек көрсете бастады. Бұрынғы одақтың түкпір-түкпірінен 40 мыңнан астам маман мен әскери қызметшілер құтқару жұмыстарына тартылды.null

Жалпы, әлемнің 100-ден астам елі құтқару қондырғыларын, азық-түлік, дәрі-дәрмек жіберіп, мамандарын аттандырды. Әлемдегі барлық армян диаспоралары Арменияға көмек көрсету үшін көптеген ұйымдар құрды.

Соңғы жаңалықтар