Арменияда 17 адам метанолдан уланып көз жұмды

None
None
ЕРЕВАН. АРМЕНПРЕСС-ҚазАқпарат - 31 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Арменияда ішімдіктен (метанол) улануға қатысты 46 оқиға тіркелген. 17 адам көз жұмса, 16 науқас емделіп шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арменпресс агенттігіне сілтеме жасап.

Армения Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауруханаларда қазір ішімдіктен уланған 13 науқас емделіп жатыр. Оларда неврология симптомы (жүрек айну, есінен тану, бас айналу) байқалады, 3 науқас коматозды жағдайда, 3 науқастың көзі көрмей қалған. Метанол ішіп уланғандарда осындай белгілер байқалады.

Министрлік белгісіз ішімдік, үйде әзірленген арақ-шарап, дәріхана, дүкеннен алынған маркаланбаған спиртті ішуден сақтану керектігін ескертті.

Метил спиртін ішкен жағдайда токсикалық заттың мөлшеріне қарай улану белгісі бірнеше сағаттан 1-2 күн аралығында пайда болады. Жоғарыда айтылған белгі байқалған жағдайда дереу дәрігерге қаралу керек.

Соңғы жаңалықтар