Арменияда 17-18 тамыз қаралы күн болып жарияланды

None
None
ЕРЕВАН. ARMENPRESS-ҚазАқпарат - Арменияның премьер-министрі Никола Пашинянның шешімімен 17 және 18 тамыз күндері Ереван қаласындағы «Сурмалу» сауда орталығындағы өрттен адамдардың қаза болуына байланысты қаралы күн деп жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Armenpress агенттігіне сілтеме жасай отырып.

16 тамыздағы жағдай бойынша, Армения ТЖМ іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Сурамул сайда үйінде 14 тамыз күні жарылыс болып, оның арты өртке ұласқан болатын. Қазіргі жағдаймен алғанда, 3 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.

Арменпресс-тің хабарлауынша, өрт 16 тамыз күні 14:38-де оқшауланып, 17:49-да толықтай сөндірілген. Өртенген және құтқару жүргізілетін жер 1 гектар аумақты алып жатыр.

Құтқару жұмыстарының нәтижесінде 16 адамның денесі табылды.


Соңғы жаңалықтар