10.03.2023 20:48 Арменияда мектеп автобусы жыраға құлап, мұғалім қаза тапты АСТАНА. ҚазАқпарат - Арменияның Синюк ауданында мектеп автобусы жарға құлап, бір адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Арменпресс ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
07.02.2023 01:51 Армения Түркия мен Сирияға көмек көрсетуге дайын ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Армения Түркия мен Сирияға жер сілкінісінің салдарын еңсеруге көмектесуге дайын. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян Twitter-дегі микроблогында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.01.2023 11:58 Арменияда әскери бөлім өртеніп, 15 адам мерт болды ЕРЕВАН. Арменпресс - ҚазАқпарат – 19 қаңтарда Арменияның Гегаркуникск облысы Азат ауылында әскери бөлімнің казармасында өрт шығып, 15 әскери қызметші мерт болды. 3 әскери қызметшінің жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Арменпреске сілтеме жасап хабарлайды.
15.01.2023 21:03 Арменияның ірі кешендерінің бірінде Димаштың концерті өтеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Арменияның ірі кешендерінің бірінде Димаш Құдайбергеннің «Stranger» шоуы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
13.01.2023 20:03 Сары нөмірлі көліктерді Арменияға бармай тіркеуден шығару мәселесі пысықталуда - ІІМ АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп сары нөмірлі көліктерді Армения тіркеуінен қашықтан шығарудың жолдарын қарастырып жатыр, деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.12.2022 22:51 Маңғыстаулық «Жорға» би ансамблі халықаралық байқаудың бас жүлдесіне ие болды АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстаулық «Жорға» би ансамблі Армения астанасы Ереванда өткен халықаралық «DANCE SUPER STAR-2022» би байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.11.2022 11:10 Армениялық полиглот: Ереванда жүріп-ақ қазақ тілін «Абай жолы» арқылы меңгердім АСТАНА. ҚазАқпарат – Армениядағы Ереван мемлекеттік университетінде қазақ тілін Абай мен Әуезов арқылы өзі оқып, меңгерген полиглот бар. Бұл туралы ҚазАқпарат «Jibek Joly» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
23.11.2022 20:53 ҰҚШҰ: қорытынды кездесу күрделі геосаяси қайшылықтар жағдайында өтіп жатыр - Қазақстан Президенті АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.
23.11.2022 18:32 Қасым-Жомарт Тоқаевты Армения Үкімет басшысы Никол Пашинян қарсы алды ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысын «Двин» кешенінде Армения Премьер-министрі Никол Пашинян қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
23.11.2022 14:52 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Арменияға барды ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ереван қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
21.10.2022 14:26 Әлихан Смайылов ЕАЭО елдерін мемлекеттік сатып алудағы кедергілерді жоюға шақырды ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Ереванға жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
08.10.2022 15:23 Қазақстан мен Армения арасында саяси консультациялар өтті ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Ереванда Қазақстан мен Армения сыртқысаяси ведомстволарының өкілдері саяси консультация өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
07.10.2022 14:45 Әзербайжан мен Армения бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындады ПРАГА. Әзертаж-Арменпресс- ҚазАқпарат - Прагада Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Франция Президенті Эммануэль Макрон, Еуропалық Одақ Кеңесінің төрағасы Шарль Мишель және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесуінен кейін бірлескен мәлімдеме қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат Әзертаж және Арменпресс ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасап хабарлайды.
14.09.2022 00:38 Тоқаев әзербайжан-армян қақтығысында күш қолданбай, шұғыл келіссөз жүргізуге шақырды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.08.2022 13:52 Президент Армения халқына көңіл айтты НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазды БОРТ №1 Телеграм-арнасы.
17.08.2022 03:36 Арменияда 17-18 тамыз қаралы күн болып жарияланды ЕРЕВАН. ARMENPRESS-ҚазАқпарат - Арменияның премьер-министрі Никола Пашинянның шешімімен 17 және 18 тамыз күндері Ереван қаласындағы «Сурмалу» сауда орталығындағы өрттен адамдардың қаза болуына байланысты қаралы күн деп жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Armenpress агенттігіне сілтеме жасай отырып.
16.08.2022 10:10 Арменияда сауда орталығындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 15-ке жетті ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Армения астанасы – Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыс салдарынан қаза болғандар саны 15 адамға жетті. Бұл туралы сейсенбі күні Армения Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW-ге сілтеме жасап.
14.08.2022 23:36 Ереванда сауда орталығындағы жарылыстан 50 адам жапа шеккен ЕРЕВАН. ARMENPRESS – ҚазАқпарат - Ереванда сауда орталығында жарылыс болып, 50 адам жараланды. Бір адам мерт болды. Құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Armenpress агенттігіне сілтеме жасап.
14.08.2022 18:06 Еревандағы сауда орталығында жарылыс болды ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Армения астанасы Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында жарылыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
28.07.2022 18:12 Алматыда Арменияда тіркелген нөмірі бірдей екі көлік анықталды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы Армениядан жеткізілген нөмірі бірдей қос көлікті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.