Армения SpaceX кемесімен алғашқы ғарыш спутнигін ұшырды
2022 жылғы 26 мамыр 22:52

Армения SpaceX кемесімен алғашқы ғарыш спутнигін ұшырды

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Армения Жерге жақын орбитаға алғашқы ғарыш спутнигін ұшырды. Бұл туралы Арменияның үкімет отырысында елдің премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спутниктен түсірілген суреттер шекарадағы бақылау, төтенше жағдайлардың алдын алу, қоршаған ортаны қорғау, қала және жол құрылыс, тағы басқа салаларда қолданылмақ. Арменияның «Геокосмос» АҚ мен испандық «Satlantis» компаниясының ынтымақтастығы нәтижесінде 25 мамырда SpaceX кемесі арқылы Жерге жақын орбитаға Арменияның бірінші ғарыш серігі ұшырылды.

«2022 жылғы 25 мамырда Ереван уақытымен сағат 22.35-те АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі ғарыш орталығынан SpaceX ғарыш кемесі арқылы Арменияның бірінші ғарыш серігі ұшырылды. Армения ғарыштық қызметі дәуіріне қадам басты. Біз ғарышты зерттеу және өндіру саласындағы бай дәстүрлеріміздің қалпына келетініне үміттенеміз», - деді премьер-министр Никол Пашинян.

Ол сондай-ақ Арменияда 2023 жылдың соңына дейін спутниктік басқару орталығы мен қабылдау станциясы құрылатынын атап өтті.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT