Армения президенті үкіметтің отставкасын қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Армения президенті Армен Саркисян үкіметтің отставкасы туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арменпресс агенттігіне сілтеме жасап.

Армения президенті аппаратының Қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасының мәліметінше, ел конститутциясының 130-бабына сәйкес Саркисян үкіметтің отставкасын қабылдады.

Айта кетерлігі, Армения премьер-министрі Серж Саргсян қызметіне 17 сәуір күні тағайындалған болатын, алайда ол бүгін отставкаға кетуге өтініш берді.

Соңғы жаңалықтар