Армения премьер-министрі мен оның отбасы мүшелері коронавирус жұқтырды

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян мен оның отбасы мүшелері коронавирус жұқтырды. Ол бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында өткен онлайн трансляция кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен коронавирусқа тест тапсырдым. Өкінішке қарай, менен коронавирус инфекциясы анықталды. Осыдан кейін отбасымның мүшелері тест тапсырды, олардан да инфекция табылған. Бізде ауру белгілері жоқ, дене қызуы да қалыпты. Қазір біздің барлығымыз оқшауландық. Үйде отырып жұмыс істеймін. Ол үшін барлық жағдай жасалған»,- деп атап өтті армян министрлер кабинетінің басшысы.

Арменпресс-тің хабарлауынша, Никол Пашинян Премьер-Министр резиденциясынан оқшауланған күйде жұмысын жалғастыра бермек.



Фото: tass.ru


Соңғы жаңалықтар