Армения мен Қырғызстаннан көліктер заңды жеткізілгенін қалай білуге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл автокөліктердің шет елдерден заңды әкелінгенін мемлекеттік кірістер органдарына хабарласып, білуге болады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта тұрғындар Армениядан және Қырғызстаннан жеңіл автомобильдерді әкелуге қызушылық танытуда. Осыған байланысты, Қырғызстанда 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде, Арменияда 2014 жылғы 10 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде рәсімделген автокөліктері шетелдік тауарлар болып табылатынын назарыңызға жеткіземіз. Автокөліктерді Қазақстан Республикасына әкелу кезінде ресімдеу және кедендік төлемдерді төлеу керек», - делінген комитет мәліметінде.

Атап айтқанда, Қазақстанға 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін Қырғызстанда және 2014 жылғы 10 қазанға дейін Арменияда рәсімделген автокөліктерді шектеусіз әкелуге болады.

«Автокөліктерді сатып алу кезінде, азаматтарға аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің 8-800-080-6452, 70-14-81, 71-86-18 нөмірлеріне хабарласып, автомобильдердің заңды әкелінгенін және кедендік тазартудан өткендігін тексеруге кеңес береміз», - дейді ведомство мамандары.

Соңғы жаңалықтар