Армения мен Қырғызстан көліктерін Қазақстанға кіргізудің шарттары қандай

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің саудалық емес айналымдар басқармасының бас сарапшысы Нұрлан Намысов Ресейден Аремния мен Қырғызстаннан көлік тасымалдаудың кедендік тәртібі туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуына қарағанда, Армения, Қырғызстан автокөліктеріне келсек, оларды пайдалану ЕАЭО шеңберіне қосылу шартымен реттеледі.

«Армения Республикасының автокөліктері 2014 жылдың 10 қазанына дейінгі уақытта әкелінген болса, одақтың тауары болып саналады. Ондай көліктерді қазақстандықтар кедендік баж бен салықсыз алып келе алады. Ал Қырғызстан Республикасына келетін болсақ, 2014 жылғы 1 қаңтарға дейінгі көлік құралдары ЕАЭО тауары болып саналады. Оларды да кедендік баждар мен салықтарсыз әкелуге болады. Ал Армениядан 2014 жылдың 10 қазанынан 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әкелінген көліктер шетелдік тауар болып саналады. Олар бойынша кедендік бақылау бар. Оларды әкелген жағдайда кедендік баждар мен салықтарды төлеу керек. Сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге қойған кезде тіркеу алымдары мен утиль алымын төлеу қажет болады», - деді Нұрлан Намысов

Дәл осындай талап Қырғыз елінен келетін көліктерге де қойылып отыр.

«Қырғыз елінен әкелінетін көліктер бойынша айтсақ, 2014 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әкелінген көліктер кедендік баждар мен салықтар төлеу ақылы әкелінеді. Олардың бәрі кедендік бақылауда болып саналады», - деді комитеттің сарапшысы.


Соңғы жаңалықтар