Армения мен Әзербайжан өзара территориялық тұтастығын мойындау туралы келісімге келді

None
Фото: Александр Патрин/ ТАСС
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Армения мен Әзербайжан бір-бірінің территориялық тұтастығын мойындау туралы келісімге келді. Бұл туралы бейсенбі күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мәжілісінде сөйлеген сөзінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Армения мен Әзербайжанның бір-бірінің территориялық тұтастығын мойындау туралы келісімге келгенін растаймын. Осы ретте біз өзара қарым-қатынастарымызды реттеу бағытында жақсы қадамдар жасап жатырмыз деуге болады»,-деді Никол Пашинян.

Премьер сонымен қатар халықаралық тетіктер аясында Таулы Қарабақ тұрғындарының құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

«Мен жақын арада Баку мен Степанакартта өзара түсіністік жағдайындағы диалог басталады деп ойлаймын»,-деді ол.

Никол Пашинян дүйсенбі күні Ереванда өткен баспасөз мәслихатында құрамына Таулы Қарабақ кіретін Әзербайжанның территориялық тұтастығын мойындайтынын мәлімдеді. Алайда әзербайжан тарапы армян халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.


Соңғы жаңалықтар