Армения Қазақстанның ұлттық саясатын жоғары бағалайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 қыркүйекте елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев Арменияның Ұлттық жиынының төрағасы Мирзоян Арарат Самвеловичпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Армения Республикасының делегациясының құрамында Ұлттық жиын депутаттары, Қазақстандағы Армения Елшілігінің өкілдері болды. Екіжақты ынтымақтастық кездесу барысында Жансейіт Түймебаев мәртебелі меймандарды Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылымымен, қызметінің мақсатымен таныстырды. Сондай-ақ, этностар мен ұлттардың мәдени құндылықтарын дамытуға, тілін, тұрмыс салтын сақтауға барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті. Жансейіт Қансейітұлы Ассамблея тарапынан екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты дамытып, нығайта түсуге үлес қосуға әзірлік танытты.

Өз кезегінде Армения Ұлттық Жиынының төрағасы Арарат Мирзоян мұндағы Армения қауымдастығының жұмысымен танысқанын және Қазақстан тарапынан аз ұлттардың дамуына жасалып отырған мүмкіндікті жоғары бағалайтындықтарын айтты.

Соңғы жаңалықтар