Арманым — өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету - Милана Тарасова

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Арманым — елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету. Бұл туралы Көкшетауда «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша білім алып жатқан орыс қызы Милана Тарасова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде Милана Тарасова университеттегі оқуынан бөлек, Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің жанындағы Мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығында жұмыс істейді. Оның қазақ тіліне деген махабаты өмірін өзгертіп, мақсатына жетелеген.

«Арманым — елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету. Мен бала кезден мұғалім болуды армандап өстім. Әсіресе, қазақ тіліне деген махабатым ерекше болды. Сол арман мен тілге деген махабатым мені адастырмай, педагогика саласына алып келді. Осы мақсатта Көкшетауда жоғары оқу орнына «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға түстім. Қазіргі кезде, университеттегі оқуымнан бөлек, «Қоғамдық келісім» мекемесінің жанындағы Мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығында қазақ тілін үйрететін курс ашып, өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілде сабақ беріп жатырмын. Біз Қазақстанда тұрамыз, онда әрбір адам ұлтына қарамастан мемлекеттік тілді білуге, қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеуге тиіс», - дейді Милана Тарасова.

Сонымен бірге, Милана Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақмола облыстық филиалының жанында қоғамдық жұмыстарға атсалысып келеді.

Айта кетсек, Көкшетауда ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті.



Соңғы жаңалықтар