ArmandaStar: Жас суретшілер Ұлттық музейде көрме ұйымдастырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жастар жылы аясында ҚР Ұлттық музейінде «ArmandaStar» жас суретшілер көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық көрмеде Нұр-Сұлтан, Павлодар, Ақтау, Ақтөбе, Петропавл қалаларының жас кәсіби суретшілері - Л. Айтуарова, Д. Әшірбекова, Ә. Әміренова, Г. Асқарова, Т. Әбенов, Н. Базарбаев, Б. Жораев, Г. Дайырова, Ә. Кәрібаева, А. Нұртазин, Н. Иманғазы, М. Ілиясов, А. Құлахметова, В. Сергеева, Ә. Хакімова өз туындыларын ұсынды.

Экспозицияда бейнелеу өнерінің кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, цифрлы кескіндеме сияқты түрлері қойылған. Ондағы кейбір туындылар «Армандастар» көрмесі үшін арнайы салынған.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай жастарды қолдау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырудамыз. Жастар – әр мемлекеттің келешегі. Бүгінгі көрме де талантты жастарды қолдау үшін ашылып отыр. Қазақстанның өнері дүние жүзіне танылып келеді, жастарды да осы қатарға шығарғымыз келеді. Бүгінгі көрме - олардың алғашқы қадамы, келешекте бұл суретшілер үлкен көрмелерге қатысады», - деді ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сонымен бірге, Арыстанбек Мұхамедиұлы көрме қатысушыларына арнайы сертификат табыстады.


Соңғы жаңалықтар