Армандар орындалады - Димаш өзінің жаңа жеңісі туралы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген жыл сайын өтетін «IQIYI awards» марапатында «Жылдың ең үздік əншісі» номинациясы бойынша жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Армандар орындалады! Жыл сайын өтетін «IQIYI awards» марапатында «Жылдың ең үздік əншісі» номинациясы бойынша жеңіске жеттім. Баршаңызға рахмет! Қуаныштымын!!!#Dears , сіздердің арқаларыңызда бəрі!))», - деп жазады әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

IQIYI - Қытайдағы айына 500 млн адам кіретін ірі онлайн видеосайт.

Айта кетейік, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы «I'm a singer» жобасына қатысып, танымалдылыққа ие болған еді.

Армандар орындалады! Жыл сайын өтетін "IQIYI awards" марапатында "Жылдың ең үздік əншісі" номинациясы бойынша жеңіске жеттім. Баршаңызға рахмет! Қуаныштымын!!!#Dears, сіздердің арқаларыңызда бəрі!)) ___________________________________ Мечты сбываются! Я стал лучшим певцом этого года по версии "IQIYI awards" огромное спасибо своим фанатам, землякам и организаторам. Люблю вас, #Dears ! ___________________________________ Dreams Come True! I became the best singer of this year according to the version of "IQIYI awards" many thanks to my fans, countrymen and organizers. I love you, #Dears! ___________________________________ 梦想成真!我非常感谢我的粉丝,国人和组织者,根据“IQIYI奖”的版本,我成了今年最好的歌手。我爱你亲爱的 !

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Дек 2 2017 в 9:21 PST

Соңғы жаңалықтар