Арман Сейітмамыт «Хабар 24» телеарнасының бас продюсері қызметіне тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Арман Сейітмамыт «Хабар 24» телеарнасының бас продюсері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында «Хабар Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Хабар» агенттігіндегі еңбек жолын 1997 жылы бастаған әріптесіміз ұжымда 24 жыл бойы табан аудармай қызмет етті. Атап айтқанда, жаңалықтар жүргізушісі, «24KZ» арнасының шеф-редакторы, директоры, «El Arna» телеарнасының директоры болып, Агенттіктің қалыптасып, дамуына үлес қосты.

Интернет БАҚ саласында да тәжірибе жинақтап, енді ұжымымызға қайта оралды. Тәжірибесі мол, білікті әріптесіміз алдағы жаңа телемаусымға ерекше дайындалып жатқан «Хабар 24» арнасының әрі қарай өркендеуі жолында жемісті еңбек етіп, табысқа жетеді деп сенім артамыз»,-делінген жазбада.



Соңғы жаңалықтар