+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Арман Өтеғұлов Ветеринариялық бақылау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

2020 жылғы 27 тамыз 19:51
Бөлісіңіз:
Арман Өтеғұлов Ветеринариялық бақылау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚР Үкіметінің қаулысымен Арман Өтеғұлов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысы мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы келді Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Арман Өтеғұлов 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринариялық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетін, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін тәмамдаған. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Ақкөл кеңшарында аға, бас мал дәрігері, Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында «Талдыапан» өндірістік кооперативінің директоры, Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе және Теректі аудандарының әкімі, Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2018 жылы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалған.

Еске сала кетсек, Арман Өтеғұлов БҚО-ның Теректі ауданына әкім болып тағайындалды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT