Арман Оспановтың нокауты 2017 жылдың ең үздігі атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ММА шебері Арман Оспанов 2017 жылы ACB (Absolute Championship Berkut)  тағайындаған «Жыл нокауты» аталымының жеңімпазы атанды,деп жазады Sports.kz.

Оның жанкүйерлері Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен ACB 61 турнирінде Арман Оспановтың жапондық Таичи Накажимуды нокаутке жіберген соққысын ең үздік деп таныған.

Еске сала кетейік, Оспанов өзінің соңғы жекпе-жегінде ресейлік Алексей Полпудникпен шаршы алаңға шығып, қазылардың әділетсіз шешімімен жеңілген болатын. Бұл шешім жанкүйерлер арасында  үлкен дау туғызған.

Соңғы жаңалықтар