Арман Исетов Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Елшісі болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің Жарлығымен Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Арман Асқарұлы Исетов 1975 жылы 17 желтоқсанда Қостанай облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Өзінің дипломатиялық қызметін 1998 жылы ҚР СІМ Шарт-құқықтық басқармасының референті ретінде бастап, Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасарына дейін көтерілді.
2004 жылы Нью-Йорк қаласындағы ҚР-дың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігіне ұзақ мерзімді шетелдік іссапарға жіберілді.
2012-2018 жылдары ҚР СІМ Халықаралық құқық департаментінің директоры қызметін атқарды. Қазақстанның Таиландтағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін Нью-Йорк қаласында БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары болды. І
І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.
Соңғы жаңалықтар